$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Нұрболат Абдуллин қызының тілашар тойын өткізді

AstanaTV
04.09.2024ж. 07:31
113
Нұрболат Абдуллин қызының тілашар тойын өткізді

Отандық әнші Нұрболат Абдуллин қызының тілашар тойын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде атап өткен тойға өнер иесі туған-туыстары мен әріптестерін шақырыпты.

Жұлдызды меймандар арасында Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева, Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова, Гүлзира Айдарбекова, Әбдіжаппар Әлқожа, Асхат Тарғын, Қайрат Әділгерейді көруге болады.

Нұрболат Абдуллиннің қуанышына ортақтасып келген қонақтар әннен шашу шашып, ізгі тілектерін жеткізген.