$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Жалған темекі жасап, сатқан қылмыстық топ мемлекетке миллиардтаған шығын әкелді

AstanaTV
29.03.2017ж. 20:00
4425
Жалған темекі жасап, сатқан қылмыстық топ мемлекетке миллиардтаған шығын әкелді

Салық органдары ірі қалалардағы дүкендерді тексеруге көшті. Олар темекі түрлерін астыртын жолмен өндірген Шымкенттегі жасырын цехтың өнімдерін іздеп жүр. Бұл туралы Алматыда мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері мәлімдеді.

50 мың қорап темекіні жасырын цехта жасап, саудаға шығарған кәсіпкерлер құрықталған. Акциздік маркалар мен түрлі қораптарды айнытпай жасаған пысықайлар кәсібін дөңгелетіпті. Бір жыл бойы жалған өнімдерді ірі қалалардағы дүкендерге жеткізіп берген. Енді оны тұтынушыларға саудалаған дүкендер тексеріліп, тиісті жазасын алмақ. Жалған темекіні өткізген сауда орындарына 136 мың теңге көлемінде айыппұл салынбақ. Ал осының кесірінен мемлекет қазынасы миллиардтаған қаражаттан қағылды, дейді салық органдары. Осы қылмысқа күдікті ретінде ұсталған 10 адам қазір қамауда отыр.

Артур Барамышев, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі:

Зауыт туралы ақпаратты алысымен, жіті тексердік. Нәтижесінде қылмысты ұйымдастырғандарды анықтауға мүмкіндік туды. Жауапкершіліктен ешкім құтылмайды. Қылмыстық кодекстің талаптары бойынша барлығы тиісті жазасын алады.