Қостанайдың
экс-әкімі Ахмедбек Ахметжанов 85 миллион теңге көлемінде мемлекетке келтірілген
шығынды өтей алмай жатқан көрінеді.
Еске
салайық, жемқорлыққа жол берген шаһардың бұрынғы басшысы 13 жылға сотталған. Оның Қостанайдағы екі
тойханасы мен сауда үйі тәркіленген. Жазасын өтеушінің материалдық шығынды өтей
алмауы осы себепті болса керек. Ахметжановтың ресми өкілі тәркілеу барысында
заң бұзушылықтар орын алды деп отыр.
Сондықтан сотқа азаматтық талап-арыз түсірген.
Виктор Шевченко, А.Ахметжановтың ресми өкілі:
Әуелі келтірілген шығын өндірілу керек. Содан қалған мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру қажет. Біздің жағдайға келетін болсақ, дүние-мүлік түгел тәркіленіп алынды. Ал, келтірілген залалды өндіруге ештеңе қалдырған жоқ.
Сот
барысында экс-шенеуніктің Тараз қаласында тағы бір баспанасы бар екені айтылды.
Қостанайлық сот орындаушылар өндірістік атқару ісін Жамбылдағы әріптестеріне жөнелткен. Яғни Ахметжановтың бұл үйі де
тәркіленеді деген сөз. Ал судья азаматтық талап-арызды қараусыз қалдырды.