$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы тұрғындардың көңілінен шықты

04.09.2024ж. 20:00
233
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы тұрғындардың көңілінен шықты

Құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп секілді кез-келген салада аянбай еңбек етіп жүрген жұмысшыларға көңіл бөлініп, еңбек адамдарының мәртебесі артпақ. Сондай-ақ келер жылы "Әлеуметтік әмиян" жобасы іске қосылады. Бұл тұрғындардың тұрмыстық жағдайы мен қаржылай сауаттылығын арттыруға ықпал етеді. Президент Жолдауындағы әрбір бастама, әрбір тапсырма халықтың көңілінен шықты. Өзекті мәселелердің шешімін табатынына олар сенеді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

АЛМАТЫ

- “Әлеуметтік әмиян” жобасына менің айтар пікірім, өте керемет жоба боп тұр, халыққа өте пайдалы. Себебі, қазір “Ұлттық қор балаларға” деген жобаның өзі қазіргі 300 млрдтан астам сумма олардың счетына аударылған дейді. Яғни, бұл халыққа өте үлкен қолдау, әлеуметтік осал топтарға және көп балалы отбасылар осының барлығы айналып келген кезде бұл кісілерге мемлекет тарапынан болатын “Әлеуметтік әмиян” жобасы үлкен қолдау болады деген ойдамын.
- Мемлекет басшысы өз жолдауында 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп бекітті. Бұл менің ойымша дұрыс деп ойлаймын. Өйткені қай салада болсын әр маман иесінің еңбегі бағалануы керек.

ПАВЛОДАР

-  Маған ұнағаны «Қарызсыз қоғам» жобасы. Баршамызға белгілі көп адамдар несиеге белшесінен батып жатыр. Сондықтан бұл жоба азаматтардың қаржылық сауаттылығын бағытталған бірден бір бастама деп ойлаймын. Және адамдардың өз қаражатын тиімді пайдаланылуға шектен тыс қарыз алмауға үйретеді. Сондықтан осындай жобалар барлық өңірлерде көптеп болғанын дұрыс деп есептеймін.
- Қазір алып қарайтын болсақ, көп жастарымыз педагогикалық салаға, юрист заң бағытында білім алып, бет бұрып жатыр. Дегенмен де, сөздің шыны керек. Болашақта елімізде кәдімгі дәнекерлеуші мамандығы бола ма? Жастарымыз осындай басқа бағыттағы салаға назар аударса, кәсіптік мамандықтар қайда қалады? Жолдауда айтылған осы сөздерді қолдаймын. Келесі жылы жастарамызға үлкен мүмкіндік болады. Ең бастысы жастарға деген ден қойылып жатқанына қуаныштымын.