$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбе облысында биыл алты мыңға жуық адам қаржылық сауаттылығын арттырған

04.09.2024ж. 20:00
348
Ақтөбе облысында биыл алты мыңға жуық адам қаржылық сауаттылығын арттырған

«AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша Ақтөбе облысында былтыр сегіз мыңнан астам білім алған. Биыл тағы алты мыңға жуық азамат қаржылық сауаттылығын арттырды. Арасында өз кәсібін ашқандар да бар. 

«Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін көргендердің бірі- Динара Ашықбаева. Келіншектің үш баласы бар. Бұрын басында бірнеше несиесі болған, қаржылық қиындықты бастан кешірген. Бірақ қаржылық сауаттылығын арттыру арқылы отбасылық бюджетті тиімді жұмсауды үйрендім дейді ол. Білімін жетілдіріп, қайтарымсыз грант ұтып алып, өз ісін бастаған. Қазір жемістерден табиғи шырындар, түрлі тіскебасарлар дайындайды.

ДИНАРА АШЫҚБАЕВА, "ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ" ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫ:

Ең бірінші мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп отырғанына ризамын. Осындай мүмкіндік болып тұрса қолданып қалғанын жақсы көріп отырмын да. Егер де осындай көп болып жатса қыз-келіншектер қаржылық сауатын ашып, бірінші білім алсын. Кәсіпті бірден бастап кетпей, өзін өзі дамытып білім алып, Қалай ақшаны жұмсау керек. Бизнес жоспар деген не көп білім алу керек деп ойлаймын осы сала бойынша.

«Қарызсыз қоғам» жобасы былтыр пилоттық жоба ретінде еліміздің сегіз өңірде басталды. Биыл ауқымы кеңейіп барлық аймақтарда жүзеге асырылуда. Қаржылық сауаттылық дәрістерінде азаматтар ақшаны иегерудің әліппесі өз жеке қаражатын басқарудан бастап, инвестиция, қаражатты сақтау, кәсіп ашуды меңгереді.

ЖАНАР БАЛҒАБАЕВА, «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЖЕТЕКШІСІ:

Ең басты мақсат -қаржылық сауатттылыққа үйрету. Құқықтық білікті көмек көрсету. Өйткені сабақ тек теория ғана емес. Қаржылық сауаттылық пен қатар жеке консультацияда қарастырамыз. Қаржылай жағдайын қаржылық сарапшымен бірге шешім қабылдағысы келсе сонымен қатар заңгеріміз бар. Заңгер де тегін кеңес береді халыққа.

Негізінен адамдардың қарызға, несиеге батуының бірден бір себебі тиісті білімінің болмауынан, алақтарға алданатын азаматтардың көпшілігі де сол қаржылық сауаттың жоқтығынан. Сондықтан жоба аясында мамандар халыққа жеке тұлғалардың банкроттығын рәсімдеуге де көмектеседі. Сондай-ақ азаматтардың жеке кәсібін ашуына барлық қолдау көрсетіледі.

Жанар БАЛҒАБАЕВА, «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЖЕТЕКШІСІ:

Кіші және орта бизнесті мемлекеттен қандай сүйемелдеу бағдарламалары бар. Сол жөнінде ақпарат береміз. Тек қана ақпарат беріп қана қоймаймыз. Сонымен қатар бизнес жоба жазғысы келсе біз сүйемелдейміз. Толықтай қолдау көрсетеміз. Мысалы грант , несие қатысқысы келсе толық жеңіп алғанға дейін сүйемелдейміз.

Елімізде осы күнге дейін «Қарызсыз қоғам» жобасына 65 мыңнан астам адам қатысқан. Жобаның маңыздылығын биылғы жолдауында Мемлекет басшысы да ерекше атап өтті. Мектептер мен жоғарғы оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін үйрететін білім бағдарламасын енгізуді ұсынды.