$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Lexus брендтің жүз жылдығын Астанада атап өтуге ниетті

04.09.2024ж. 20:00
346
Lexus брендтің жүз жылдығын Астанада атап өтуге ниетті

Еуропадағы ең үздік Лексус автоорталығы Қазақстан астанасында пайда болады. Жоба салтанатты рәсімде ресми түрде таныстырылды. Оны әйгілі британдық Chapman Taylor бюросы жасаған. Толығырақ келесі материалда. 

Осы орайда Астанада болашақ Lexus Astana автосалонының орнына уақыт капсуласы салынды. Салтанатты шараға Toyota Motor Kazakhstan президенті Джон Томсон, Lexus Europe вице-президенті Паскаль Руш және «Астана Моторс» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов қатысты. Бұл оқиға болашаққа деген символикалық хабар дейді олар. Капсула ішінде Lexus брендінің тарихы, оның құндылықтары мен жоспарлары туралы айтатын заттар бар. Бір қызығы, олар жапондық алпауыт жүз жасқа толған 2089 жылы оның қырларын ашуды көздеп отыр.

БЕКНҰР НЕСІПБАЕВ, «АСТАНА МОТОРС» ҚМК БАС ДИРЕКТОРЫ:

Біз Астана қаласында жаңа Lexus дилерлік орталығының құрлысын бастап отырмыз..Жәнеде жылдан жылға өзіміздің жұмысымызды өрлетіп келе жатырмыз.Сондықтан осы дилерлік орталықтың құрлысы астанада басталып тұр.2026 жылдың 1 маусымында осы орталықты іске қосамыз.

Lexus Europe вице-президенті Паскаль Руш жаңа Lexus Astana дилері Еуропадағы Lexus флагманы және брендтің барлық болашақ автоорталықтары үшін тірек болатынына сенім білдірді. Жаңа Lexus дилері 4 мың шаршы метрді алып жатыр және бренд өкілдерінің айтуынша, ол тұтынушыларға керемет жайлылық пен керемет тұтынушы тәжірибесін береді.

ДЖОН ТОМСОН, «ТОЙОТА МОТОР ҚАЗАҚСТАН» ПРЕЗИДЕНТІ:

Біздің Астанада тамаша серіктесіміз бар, бұл Астана Моторс. Олардың клиенттерге деген көзқарасы керемет. Мен айтқанымдай, олар үш рет КИВАМИ сыйлығымен марапатталды. Сондай-ақ біз болашақта өз клиенттеріміз үшін осы тәжірибені қалай сақтау және дамыту туралы ойлаймыз. Бүгінгі оң бастамалар бізге осы бағытты ұстануға мүмкіндік береді.»

Ауқымды жобаның іске қосылуы, әрине, қазақстандықтардың Lexus маркалы көліктерге деген жоғары сенімін аңғартады.