$478.93 €534.96 ₽5.16
×

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін орындар 95%-ға дайын

04.09.2024ж. 20:00
298
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін орындар 95%-ға дайын

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 4 күн қалды. Шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы келмек. Дүбірлі додада 97 медаль сарапқа салынады. Ұлттық құраманың дайындығы қалай? Инфрақұрылымдар мен спорттық кешендердің әзірлігі қандай? Тілшіміз білді. 

5 күнге созылатын бәсекеде 21 этникалық спорт түрі бойынша сайыстар өтеді. Ол үшін Елордадағы арнайы орындар белгіленген. Аталмыш спорттық кешендер мен инфрақұрылымдар 95% дайын.

МҰРАТБЕК ҚЫПШАҚБАЕВ, 5-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ДИРЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Спорттық инфрақұрылымдар дайын. Ең соңғы сызбалары қалды деп айтсақ болады. Ішкі безендіру жұмыстары. Астана арена стадионы, ол жерде осы Көшпенділер ойындарының ең қызықты сәті ашылу салтанаты өтетін жер. Ол жерде толығымен дайын. Делегацияларды күту жұмыстары жүріп жатыр міне.

Алғаш боп Моңғолия елінің спортшылары келіп, Қазақстан құрамасымен бірге дайындалуда. Ұлттық құрама өз кезегінде соңғы жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

НҰРКЕН БАЙБУРИЕВ, ҰЛТТЫҚ АТ СПОРТЫ ТҮРЛЕРІНЕН МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

Қазір мына арада көріп тұрғандай аударыспақ пен теңге ілудің спортшылары дайындық үстінде. Қазір барлық тактикалық-техникалық жағынан бәрін пысықтап… енді қазір аттарды тоқтатпаймыз. Аттармен жүргізу, аттың үстінде күрес өнері әдістерін қайталау. Сақадай саймыз қазір. Балалар да, спорттық аттар да, спортшыларымыз да.

Ұлттық құрамаға спортшыларды іріктеу ақпан айында басталған. Осыған дейін дайындықтың 5 кезеңі елдің әр өңірінде өтіп, соңғы алтыншы кезеңде спортшылар жарыс болатын орындарға бейімделіп жатыр. Дүбірлі додада еліміздің намысын 216 спортшы қорғамақ.

ҚАРЛЫҒАШ РАМАЗАНОВА, “ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ АТ СПОРТЫ ТҮРЛЕРІ ОРТАЛЫҒЫ” ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Көбінесе мына ат спорты түрлерінен Алматы облысы, еңбекші Қазақ ауданында дайындалған болатын. Ал басқа күрес түрлері осы Оңтүстік өңірде, сонымен қатар шетелде де оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Қолымызды қуысырып отыратын уақыт жоқ бізде. Дайындығымызды жүйелі түрде 7 қыркүйекке дейін жүргізе береміз.

Көшпелі халықтың бәсекесіне көпшіліктің қызығушылығы артқан. Себебі билеттерді қызу сатып алып жатыр.