$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оқушыларға үзіліс кезінде де телефон қарауға тыйым салынды

AstanaTV
04.09.2024ж. 22:12
365
Оқушыларға үзіліс кезінде де телефон қарауға тыйым салынды

 Францияның білім министрі Николь Беллубе Париж маңындағы мектептердің біріне келді: ол осы жылдан бастап "цифрлық өзгеріс" енгізілген елдің екі жүзге жуық оқу орындарының бірі. Онда оқушыларға ұялы телефондарды тек сабақ үстінде ғана емес, сонымен қатар үзілістерде де қолдануға тыйым салынады, деп жазады Еuronews.

Идея авторлары бұл сабаққа назар аударуға көмектесіп қана қоймай, кибербуллинг жағдайларын да азайтады деп мәлімдейді.

Франция көптеген Еуропа елдерінің бағытын ұстанады, олар сабақ үстінде оқушылардың телефон ұстауына қарсы. Егер эксперимент сәтті аяқталса, қаңтар айының басында барлық француз мектептерінде ұялы телефондарға толығымен тыйым салу енгізілуі мүмкін.

Бұл туралы Қазақпарат жазады.