$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қазақстан жарты жылда 40 миллион долларға шай сатып алған

AstanaTV
05.09.2024ж. 09:36
174
Қазақстан жарты жылда 40 миллион долларға шай сатып алған

Қазақстан 6 айда 40 миллион долларға 13,4 мың тонна шай сатып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алғашқы жарты жылда Қазақстан 40,4 миллион долларға 13,4 мың тонна шай импорттады. Былтырғы нәтижемен салыстырғанда импорт көлемі 28,1%-ға қысқарған.

Қазақстанға шай жеткізушілер қатарында Кения, Үндістан, Қытай көшбастап тұр.

Елімізге Кения 4,8 мың тонна, Үндістан 4,7 мың тонна, Қытай 1,1 мың тонна, Ресей 1,1 мың тонна шай жеткізген.

"Оған қоса шай өнімі Вьетнам, Иран, Шри-Ланка және Грузиядан келеді. Өз кезегінде Қазақстан шайды Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Түркіменстанға, Тәжікстанға, Моңғолияға және Түркияға экспорттады", - деп хабарлады Ұлттық статистикалық бюро.

Қазақстанда бір адам орташа есеппен жылына 1,4 кг шай ішеді екен.