$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынатын баспананың шаршы метрі 120 мың теңгеден аспайды

AstanaTV
30.03.2017ж. 20:00
2056
Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынатын баспананың шаршы метрі 120 мың теңгеден аспайды

Ақтөбеде "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынатын баспананың әр шаршы метрі 120 мың теңгеден аспайды.

Бұл туралы Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың өңірге сапары барысында белгілі болды. Аталған бағдарламамен салынатын тұрғын үй құрылысының пилоттық жобасы таныстырылды. Жергілікті биліктің мәліметіне сай, құрылысқа қолданылатын материалдардың 65 пайызы - отандық өнім. Аз қабатты, несиеге берілетін тұрғын үй нысандарының аумағы шамамен 100 гектарды құрайды. Жоба құны 10 миллиард теңге.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Ақтөбе облысында келесі жылы 500-ден кем емес тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл баспана кезегінде тұрған 700-дей отбасыны баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жақсыбек КЕМАЛ