$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Қазір балалардың сүйегі әлсіз", - дәрігер

05.09.2024ж. 20:00
390
"Қазір балалардың сүйегі әлсіз", - дәрігер

Қазір балалардың сүйегі әлсіз. Дәрігерлер осылай деп дабыл қағуда. Соның кесірінен аяқ-қолы сынғыш келеді. Себебі ағзаға D3 дәрумені жетіспейді. 

ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Аааа аяғым аяғым. Ааа қимылдатпаңызшы басалар емеспін, ауырып тұр. Аааа нем бар еді осы доп ойнап. Сәл қалды ғой аяғым сына жаздады...

Ойнаймын деп опық жейтіндердің басым бөлігі балалар. Қала тұрғыны Еркебұланның да 6 жастағы баласы ойнап жүріп қолын сындырып алыпты. Енді операция жасамақ.

ЕРКЕБҰЛАН ТӨЛЕГЕНҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Батутный зонасы бар балалар ойнайтын жерлерге апардық. Сонда барып өз батутта секіріп жүрген қасында өзінің қарындасы бар. Сөйтіп ойнап жүріп секіріп құлаған кезде енді, мен қасында болған жоқпын. Келді жылап қолым ауырып жатыр осылай құлап қалдым деп. Врачқа апардық, сол жерден гипс сап берді.

Дәрігерлер сүйегі морт сынатын балалардың қатары көп дейді. Күніне 300 -ден аса бала түрлі жарақатпен медициналық көмекке жүгінетін көрінеді. Оның жоқ дегенде 5-не ота жасалады.

ЕРЖАН УТЕШЕЕВ, ТРАВМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ:

Қазіргі таңда бізге келіп түсіп жатқан әртүрлі жарақаттармен кеп балалардың өте сынғыш боп келеді. Біздің Астана қаласында жылына орта есеппен қарағанда 10 мың адамға жоғарлауда.

Ал, нутрициолог мамандардың айтуынша, қазір ет жеп, сорпа ішетін, сүйек мүжитін бала жоқ. Мәселенің мәнісі сонда дейді.

ЖАННА НҰРБЕРГЕН, НУТРИЦИОЛОГ:

D3 дәрумені жетіспеуі сүйектердің сынғыштығына алып келеді. Рахит, басқа да ауруларға әкеп соғу мүмкін. Балалардың ағзасында көптеген дефициттер бар. Балалар дұрыс тамақтанбайды. Дұрыс тамақтын орнына тәтті жегіш қазіргі балалар.

Дұрыс тамақтанса, ағзасында дәрумен жеткілікті бала жарақаттан да, аурудан да аман болады дейді мамандар.