$478.93 €534.96 ₽5.16
×

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Таразда 2 тоннадан астам қоқыс шығарылды

05.09.2024ж. 20:00
128
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Таразда  2  тоннадан астам қоқыс шығарылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Таразда тазалық шарасы өтті. Оған 250-ге жуық азамат қатысты. Олар қалалық балалар ауруханасы маңындағы күл-қоқысты жинады. Қураған шөптерді тырмалап тазартып, табиғаттың тынысын ашты. Эко-акцияға облыстық және қалалық белсенді жастар, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, мәдениет спорт саласының қызметкерлері, еріктілер мен «Жасыл ел-Тараз» мекемесінің жұмысшылары атсалысты. 2 тоннадан астам қоқыс шығарылды. 

Ақәділ РИНАТ, БЕЛСЕНДІ:

"Таза Қазақстан" акциясының халыққа берері өте көп. Әр адам өзінің қаласының таза болғанын, туған өлкесінің жүрген жерінің таза болғанын әр адам қалайды деген ойдамыз. Бүгін біз қалалық балалар ауруханасының алдында қураған шөптерді қурайларды тазалап, жамбыл жұртшылығының таза жерде жүргенін бізде қалаймыз.