Банк қожайындары қаржыны күректеп тауып жатыр. Тұтынушыларға кредиттің қамытын кигізіп қойды. Бір басында бірнеше несиесі барлар тырп ете алар емес. Білгенін істеп отырған банктерді тәубесіне түсіретін уақыт жетті. Президент Жолдауда нақты тапсырма берді. Жаңа заң әзірленеді. Тармақтарына қандай талаптар енеді? Толығырақ "Сарапшы пікірі" айдарында.
Бекболат САТУОВ, ЖУРНАЛИСТ:
- Қайырлы кеш, көрермен. Студияда "Сарапшы пікірі" айдары. Бүгін біздің қонағымыз экономист Бауыржан Ысқақ.
- Бауыржан қош келдіңіз!
- Біздегі банк қожайдары дивидендтен дәмете беретін сараңдау. Тек пайданы ойлайды. Енді тықыр таянды. Қанша табыс тапсаң, сонша салық төлейсің қағидасы орнайды. Талапқа көнбегендер көлеңкеде қалады. Қалай ойлайсыз банктер бұған дайын ба?
БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ:
Экономикаға кредит беріп, кәсіпорындарды қаржыландырып, дивидендке тиіспейтін банктерге салық бойынша жеңілдіктер болады деп жатырмыз. Осы қағидамен жұмыс істеп жатқан бар ма?
БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ:
Жаңа заңға қандай талаптар енгізілу керек деп санайсыз. Олар экономикаға жұмыс істеу үшін не істеу керек? Үстемелеп қосатын пайызына шектеу қоюға бола ма?