Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Нұр Отан» партиясы жалақысын ала алмай жүргендерге көмек қолын созды

AstanaTV
30.03.2017ж. 20:00
2748
«Нұр Отан» партиясы жалақысын ала алмай жүргендерге көмек қолын созды

Астанада жыл басынан бері еңбекақысын ала алмай жүрген 44 адам "Нұр Отан" партиясынан көмек сұрады. Олардың 18-інің мәселесі оң шешіліп, 1 млн 820 мың теңге жалақы қарызы өтелген. Қызметкерлердің көбі жұмыс берушімен еңбек шартын жасаспайтындықтан, қиындық туындайды екен.

Еңбекақысын ала алмай сабылғандардың бірі - Кенжетай Нұрбекова - мейрамханада даяшы болып жұмыс істеген. Соңғы екі айдағы жалақысы қолға тимеген соң, "Нұр Отан" партиясына жүгінді. 

Марал Елеуқұлова, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы қоғамдық қабылдауының меңгерушісі:

Ай сайын бізде қала әкімінің орынбасары Лукин Андрей қабылдау өткізеді. Бұл кісіні де қабылдауға жазып, тізімге кіргізгенбіз. Ал, ақпаратты қала әкімшілігіне, еңбек инспекциясына жібердік.

Кенжетай Нұрбекова, Астана қаласының тұрғыны:

Олар маған кассада ақша жоқ деді. Осылай бір жыл уақыт өтіп кетті. Маңдай теріммен тапқан ақшамды алайын деп барсам, мында кешке дейін тұрсаң да, түк шықпайды деп, қуып жібереді. Басқа жұмыс тауып алғандықтан, мен де көп тұра алмадым. Ақыры «Нұр Отан» партиясына көмек сұрадым. Артынша өздері хабарласып, ақшамды берді.