$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Жемқорлық, фонограмма... «Болып» көріну.

AstanaTV
01.04.2017ж. 20:00
2463
Жемқорлық, фонограмма... «Болып» көріну.

Кеше Жемқорлыққа қарсы қызмет Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің азаматтық қоғам істері бойынша комитеті басшысының орынбасары Бауыржан Мусиннің ұсталғанын хабарлады. Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро таратқан ақпаратта былай деп жазылған – Б.Мусин «мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың мүддесін қорғағаны үшін жүйелі түрде пара алған». Ол «кәсіпкерден параның бір бөлігі - 400 мың теңге ақша алу үстінде ұсталып, Астана қалалық ішкі істер департаментінің тергеу изоляторына қамалған». Ақпарға қарасақ, «шенеунік алған параның жалпы көлемі 1,4 миллион теңге».

Ал сенатор Сәрсенбай Еңсегенов, әншілердің фонограмма қолдануына тыйым салуды, яғни оны заңмен бекітуді ұсынып отыр. Бұл ұсынысты қоғамдық белсенді азаматтар баяғыдан айтып келеді. Сенатор фонограммаға Түркіменстанда да тыйым барын мысалға келтіріп, «адамдар концертке табиғи дауыспен айтылған әнді тыңдауға барады, диск немесе кассета тыңдауға емес», деген. Ол құлақтың құрышын қандыратын әнші бабаларды мысалға келтіріп, «біз кімнің шын әнші екенін білуіміз керек» деген көптің талабын айтқан.

Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті сенатының депутаты:

Фонограма оны мен магнитофон немесе дискісін сатып алып та тыңдай аламын дейді тұрғындар, я болмаса мен өнер адамның бет бейнесін көруге бармаймын, сонда мен неге шынайы өнерді көре алмаймын деген мәселе. Фонаграмасыз өнер көрсету ол өнер адамдарының шынайы кескін келбетінде аша түсер еді. Кімнің қандай өнері бар екенін.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Әр концерт ұйымдастырушыға министрлік лицензия беруі керек.Бізде ол заңда жоқ.Біз лицензияға дүние жүзіндегідей көшпегенше бұл шешілмейді.Қазір сізде кез келгені концерт ұйымдастырып шыға алады. Біз бәріміз шулаймыз неге фонограмамен айтады деп. Егер лицензия болса біз нақты айта аламыз айналайындар заңды бұздыңыз, лицензияңыз жойылады деп. Сонда ол ұйымдастыра алмайды.

Біздегі болып көріну, иммитация фонограммамен шектелсе ғой. Бірақ екінші жағынан, фонограмма жалпы фальш «фаршқа» айналғанда өзінен-өзі құритын «шиқылдақ». Алайда заң алдында бәрі бірдей - азаматтық қоғам орнатуға жұмыс істесін деген шенеуніктің түрі анау...