Суда жүзуден Токио Паралимпиадасының чемпионы Зүлфия Ғабидуллина Париждегі жарыстың финалына шықты, - деп хабарлайды msports.kz.
58 жастағы спортшы 42.85 уақыт көрсеткішімен S4 классында еркін стильде жүзуден финалға өтті.
Финал бүгін Астана уақыты бойынша 23:03-те өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін пара дзюдодан Ерғали Шәмей J1 санаты бойынша, S5 санатында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Сиязбек Дәлиев финалға шыққан болатын.