Атырау облысындағы мектептердің бірінде ерлер әжетханасында бейнебақылау камерасы қойылғаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде Қызылқоға ауданындағы Еркінов атындағы орта мектептің әжетханасындағы бейнебақылау камерасы қызу талқыланып жатыр. Ол ерлер дәретханасына орнатылған.
Атырау облысының білім басқармасы бұл мәселеге қатысты пікір білдірді.
Департаменттегілер бейнекамераның шынымен орнатылғанын растады. Бұл дәретханада материалдық залал келтіру және ұсақ бұзақылық деректерінің алдын алу үшін пайда болған. Дегенмен қазір олар камераны алып тастау туралы шешім қабылдады.
"Қазір Атырау облысының білім басқармасы камераны алып тастау туралы шешім қабылдады. Ведомствода бұл деректі зерттейтін комиссия құрылды. Нәтижесі қосымша хабарланады", - делінген Атырау облысының білім басқармасының хабарламасында.
Желіде пайда болған жазбада мектеп директоры Тәттігүл Қалиеваның сөзі келтірілген. Оның айтуынша, балалар дәретханасындағы камера қолжуғыштарға бағытталған және басқа ештеңе түсірмеген.
"Сонымен қатар, балалардың құқықтары бұзылған жоқ. Камераны орнату туралы шешім мектеп әкімшілігі мен қамқоршылық кеңесінің басшысымен бірлесіп қабылданған. Бұл шара тәртіпті сақтау және одан әрі заңбұзушылықтардың алдын алу үшін ғана қабылданды. Жазбаларды мен ғана көре аламын", – деп жауап берді Тәттігүл Қалиева.