$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шығыс пен Солтүстіктің халқы бұрынғы уақытты қайтаруды сұрайды

Шығыс пен Солтүстіктің халқы бұрынғы уақытты қайтаруды сұрайды

Шығыс қазақстандықтар уақытты бұрынғы қалыпқа келтіруді сұрайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов «Amanat» фракциясының отырысында айтты. Мәжілісмен бұл мәселе тек шығыстықтарды ғана емес, сондай-ақ Абай, Павлодар және Жетісу өңірлерінің де күн тәртібінде тұрғанын атап өтті. Қазір сайлаушылар бұрынғы уақытты қайтару қиындық туғызса, қысқы және жазғы уақытқа келтіруді сұрап отырғанын жеткізді. Ал Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов халықтың талабын міндетті түрде қарастыруымыз қажет, деді. 

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сондықтан бұл түйіткілді мәселені Мәжілістің алдағы пленарлық отырысымыздың бірінде қарағанымыз дұрыс. Ол жиынға біз ғалымдарды, Үкіметтің мүшелерін, жергілікті елді мекендердің тұрғындарының өкілдері, сарапшыларды шақыруымыз керек. Солардың қатысуымен уақыт белдеуінің өзгеруін жан-жақты талқылауымыз керек. Үкіметке нақты ұсыныс бергеніміз дұрыс.