$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Әкім сайлауы халықтың билікке сенімін арттыра түседі», - сарапшы

06.09.2024ж. 20:00
312
«Әкім сайлауы халықтың билікке сенімін арттыра түседі», - сарапшы

Бұған дейін ауыл әкімдерін сайлаған қазақстандықтар енді аудан, қала әкімдерін де өздері таңдайды. Сарапшылар «бұл халықтың билікке деген сенімін одан әрі арттыра түседі», - дейді. Әкімдерді сайлау тәжірибесі 3 жыл бұрын басталған. Содан бері 2 жарым мыңға жуық ауыл басшысы тұрғындардың қалауымен тағайындалған. Ал былтыр пилоттық жоба негізінде 1700-ге жуық аудан, қала әкімдері қызметке келді. 

НҰРБОЛАТ ҚҰРМЕТҰЛЫ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ, ӨМІР САПАСЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Халықтың мемлекеттік басқаруға өзінің тыныс-тіршілігіне араласуға зор мүмкіндік береді. Ал, екіншіден, әкімдерді сайлау арқылы таңдау ол кадрлық әлеуеттің артуына өте үлкен әсер етеді. Оны жолдауда Президенттің өзі де айтты. Бізде әкімдер корпусы жаңарып жатыр. Сайланған ауыл әкімдерінің 70 пайызы бұрын соңды мемлекеттік қызметте істеп көрмеген деп.

2025 жылдан бастап Қазақстан жаңа жүйеге біржола көшеді. Тиісінше, заңнамаға жаппай өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Бұдан былай еліміздегі барлық ауыл-кенттің, ауданның және облыстық маңызы бар бүкіл қаланың әкімдері тек жергілікті тұрғындардың тікелей сайлауы арқылы ғана қызметке келеді. Оларды бұрынғыдай облыс басшылары өз бетінше таңдай алмайды.Сарапшылар әкімдер сайлауы мемлекет пен қоғамның арасындағы байланысты нығайтудың маңызды тетігі, - дейді. Осы арқылы тұрғындар өз елдімекендерінің дамуына тікелей ықпал ете алады. 

БАУЫРЖАН МҰҚАН, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Бұл, әрине оңды шешім. Себебі бұл саяси көзқарасты жаңдандыру, саяси модернизацияға демократиялық принциптерді ұстануға байланысты алғашқы қадамдардың бірі болып табылады. Аудан әкімдеріне байланысты, тікелей ауыл округтеріне байланысты бұл сайлаудың өзі көптеген мәселелерді шешеді деп огйлаймыз, соған үміттенеміз.