$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жиналысы өтті

06.09.2024ж. 20:00
244
Алматыда «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жиналысы өтті

Алматыда «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жиналысы өтті. Кездесуге депутаттар мен жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Оның ішінде 6 қазанға жоспарланған АЭС құрылысына қатысты референдум кеңінен талқыланды. 


БЕКБОЛ РАМАЗАН, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 Енді қазір халықтың екі ойы бар ғой. Бір жағы жаңағындай атом электр станциясын салып әртүрлі жарылыс болып кетуі мүмкін деген сияқты енді технология жаңа, бұрынғыдай жарылыс деген ондай қауіп жоқ, мысалға қаншама мемлекеттерде салып қойған атомный станциялар 50-60 жылдап тұр. Сондықтан да оған ешқандай қорқыныш жоқ. Сондықтан қазір барлығы дамыған түрде цифрландырған осындай моделдермен жабдықтармен жасалынады.