$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Әлеуметтанушылар Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша сауалнама нәтижелерін ұсынды

Әлеуметтанушылар Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша сауалнама нәтижелерін ұсынды

Қоғамдық саясат институты халықтың атом электр станциясы туралы пікірін білді. Халықтың 60 пайызға жуығы құрылыстың салынуына қолдау білдіріп отыр. Институт мамандарының айтуынша, сауалнама деректері шешім қабылдауда маңызды рөл атқарады. Халықтың пікірін білу барысында «face-to-face» әдісі қолданылған. Яғни, респонденттен бетпе-бет сұхбат алу кезінде оның сұрақтарға реакциясын да аңғаруға болады. 

МЕДЕТ ӨМІРЗАҚОВ ҚОҒАМДЫҚ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Қоғамдық саясат институты қазақстандықтардың елдегі атом электр станциясын салуға байланысты көзқарасын анықтау үшін эксперс-сауалнама өткізген болатын. Сауалнама нәтижесі бойынша қазақстандықтардың 57,8 пайызы референдумге қатысып дауыс беруге дайын. 59,3 пайызы АЭС құрылысына қолдау көрсететінін айтқан.