$480.61 €534.53 ₽5.28
×

"АЭС өндіретін энергияның бағасы ең арзан болатынына сенімдімін", - сарапшы

06.09.2024ж. 20:00
547
"АЭС өндіретін энергияның бағасы ең арзан болатынына сенімдімін", - сарапшы

Еліміз уран өндірісі бойынша әлемде көш басында. Қоры бойынша Аустралиядан кейін екінші орындамыз. Референдум нәтижесінде АЭС салу құпталса, станцияны толықтай отынмен қамтамасыз ете аламыз дейді мамандар. Кадр даярлау маңызды. Қазірдің өзінде 4000 мыңнан астам студент білім алуда. Осы және өзге де ақпараттарды әріптесім Сүндет Оралбек тарқатады. 

Дауылға, су тасқынына және жер сілкінісіне төзімділік – мұның бәрі жаңа буын ІІІ+ станциясын салу кезінде ескеріледі. Қазір Қазақстанда атом электр станциясын салуға 4 мемлекеттің компаниялары ниетті. Ол Франция, Оңтүстік Корея, Қытай және Ресей. Төртеуі де әлемдегі ең көп АЭС-і бар елдер қатарына кіреді. Франция мен Қытайда 56, Ресейде 36, Оңтүстік Кореяда 26 станция жұмыс істеп тұр. Барлығы да апат қаупін барынша азайтатын көп деңгейлі қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Отандық ғалымдар еліміздегі АЭС-ті қай вендор салса да, бізге тиімді деп отыр. Бастысы елімізде шығатын отынды пайдалану қажет деп талап қою керектігін айтады. Сонда энергия бағасы әлемдегі ең арзан қуат көзі болмақ.

САЯБЕК САХИЕВ, ҚР ЭМ «ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА ИНСТИТУТЫ» ШЖҚ РМК БАС ДИРЕКТОРЫ:

Мен ең арзан баға болатынына сенімдімін. Еліміз уран қоры бойынша Аустралиядан кейін екінші орында. Бас кезде вендор өз елінде шығарылған отынды әкелетіні сөзсіз. Кейіннен біздің отын пайдалануы керек.

Атом электр станциясын салып беретін вендорға тәуелді болып қалмау үшін өзіміздің мамандарды даярлауға басымдық берілмек. Сондай-ақ, ауқымды жұмысқа жергілікті өндірістер мен жұмыс күші тартылатын болады. {ЛЭД} Алдағы уақытта бұл салада 18 мың адам жұмыс істемек. Жаңадан 10 мың жұмыс орны ашылады. Қазірдің өзінде 4 мыңнан астам студент атом өнеркәсібінде білім алуда. 

ҒҰМАР СЕРҒАЗИН, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІБІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бізде АЭС-ті басқара алатын кадрлық әлеует тапшы деп айтуға болмайды. Министрлікке қарасты екі мықты институт бар - Ядролық физика институты және Ұлттық ядролық орталығы. Бұдан бөлек, еліміздегі басқа да жоғары оқу орындарын жыл сайын жас тамандар тәмамдап жатыр.

Қазір еліміздегі уран қоры дүниежүзіндегі жинақтың 14 пайызын қамтиды. 2009 жылдан бері Қазақстан әлемдік өндірістің 40%-ға жуығын шығарып, уран өндіруде әлемдік көшбасшы елге айналды. Елімізде 900 мың тоннадан астам уран бар. Шетелдік сарапшылар осындай қоры мен ғылыми әлеуеті бар Қазақстан ұзақ жылдар бойы АЭС-ті уранмен қамтамасыз ете алады дейді.