$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атыраулық жастар «BIR TOLKYNDA» диалог алаңында Президент Жолдауын талқылады

06.09.2024ж. 20:00
269
Атыраулық жастар «BIR TOLKYNDA» диалог алаңында Президент Жолдауын талқылады

Атыраулық жастар «BIR TOLKYNDA» диалог алаңында Президент Жолдауын талқылады. «Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл әрі жасампаз ұлттың ұпайы түгел. Сондықтан біз өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек»,- деген болатын мемлекет басшысы. Президент ерекше тоқталған нашақорлықпен, лудоманиямен күрес, әскердегі қауіпсіздік мәселесі туралы жас буынның да айтары бар. Жиынға келген спикерлерге емін-еркін сауалдарын қойып, пікірлерін де ортаға салды. 

БЕКЕТ НЫШАН, СТУДЕНТ:

Мен ойлаймын, әрбір қазақ баласы әскерге барған соң аман-есен барып, аман-есен қайту керек деп.  Әрине әскери тәртіп болу керек. Бірақ зорлық-зомбылық болмау керек.

АБЫЛАЙ ҚҰРМЕТҰЛЫ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ АОФ ТӨРАҒАСЫ:

Кездесудің мақсаты жастардың саяси көзөқарасын ояту, Президент жолдауын талқылау, ақпаратты біліп жүру деп ойлаймын. Кез келген еліміздің жасы қоғамда не болып жатқанын, елімізде не болып жатқанын және ол мәселелермен күресу үшін қандай шаралар атқарылып жатқанын білу керек, әрі қарай тарату керек. Жастардың өте белсенді қатысулары да. Қазір жетпіске жуық жастар қатысып отыр .