$540.87 €632.01 ₽6.76
×

Қазақстанда ауыл мектептерінің оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиада басталады

06.09.2024ж. 20:00
Қазақстанда ауыл мектептерінің оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиада басталады

Елімізде ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиадаға қатысуға өтініш қабылдау жүріп жатыр. Ол 20 қыркүйекке дейін жалғасады. Олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысады. Шалғай елдімекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтауға және дамытуға бағытталған білім бәсекесі төрт кезеңнен тұрады: іріктеу, аудандық, облыстық, республикалық. Олимпиаданың өткен жылғы жеңімпаздары пәндер сәйкестігі бойынша биылғы сайыстың республикалық кезеңіне барлық кезеңдерге қатысу шартын сақтай отырып, конкурстан тыс қатыса алады. Қатысу үшін барлық ниет білдірушілер auyl.daryn.kz сайтында тіркелуі қажет.