$479.38 €531.63 ₽5.27
×

Аюлар адамдарға шабуылдап жатыр

06.09.2024ж. 20:00
347
Аюлар адамдарға шабуылдап жатыр

Қырғызстанда қар жауды. Бұл елде ақ ұлпа әдеттегі мезгілден ерте түсті. Бұл -бірінші рет емес. Алғаш рет тамыз айының соңында жапалақтаған. Қазір аймақта күн суық. Сынап бағанасы нөлден төмен. Әлемдегі өзге де жаңалықтар туралы Аружан Задабек баяндайды. Эфирде –«Жер-жаһан» айдары. 

Қайырлы кеш, көрермен! Бүгінге айтарым көп. Сондықтан экраннан алыстамаңыздар! Бразилиядағы Ұлттық орманның 20 проценті өртеніп кетті. 5 жарым мыңнан аса гектар алқап күлге айналған. Әзірге орман өрті ырық бермей тұр. Салдарынан қаланы көк түтін басқан. Әуежайлар рейстерді кейінге шегерді. Ал тұрғындар бетперде тағып жүруге мәжбүр. Бәріне қуаңшылық себеп. Кейбір өңірлерде жаңбырдың жаумағанына 3 айдан асып кетіпті. Бүкіл ел бойынша 9 мыңнан аса өрт шыққан. 

Қазір біз фермалар орналасқан аумақты қорғауға тырысып жатырмыз. Бұл өрттің басталғанына 2 күн болып қалды. Жел одан бетер ушықтыры жатыр. Фермерлерге жетейін деп қалды. Ол жаққа жетсе біраз шығын болайын деп тұр.

Ал, бүгін Қытайда тайфун соққы берді. Одан бірнеше ауданында тасқын жүріп, талай көлікті су шайып кеткен. Қаза тапқандар туралы мәлімет түскен жоқ. Бір білетініміз, қазір тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. 

СИУ ЧУНГ САН, ТҰРҒЫН:

Бұл тайфун Гонконгты тікелей соққан жоқ. Демек тағы болады деген сөз. Кеше түнде ұйықтаған жоқпыз. Қатты қорықтық.

Якутияда аюлар ірі қара мал мен адамдарға жиі шабуылдай бастаған. Тұрғындар орманға емін-еркін кіріп жүре алмайтын жағдайға жетті. Кейінгі жылдары аймақта жыртқыштар тіпті көбейіп, халықты әбігерге салып отыр. Жыртқыш аңдардың шабуылынан, жыл сайын 3-4 адам көз жұмады. Саха Республикасында қазірде 20 мыңнан астам аю мекендейді. Олар орманнан қажетті қорек таппаған соң, адамдар тұратын үйлерге жақындап, ірі қара малды жеп кетеді. Осыған байланысты аюлар көп жүретін аудан тұрғындарына жыртқышпен кезігіп қалған жағдайда қалай әрекет ету керектігі түсіндіріліп отырады. 

ВЕРА МАЛЕЕВА, ТҰРҒЫН:

 Қанша қорықсақ та, саңырауқұлақ пен жидектерді уақытында теріп алу керек.

Әлеуметтік желіде Қырғызстанға қар түскені туралы видео тарап кетті. Қазір мұндағы ауа температурасы нөлден төмен. Оның лебі бізге де сезіліп жатыр. Күн суық. Сондықтан жылы жүріңіздер! Келесі аптада жүздескенше!