Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу үшін америкалық көкпаршылар Астанаға келді. Америкалық ковбойлар командасын әуежайдан қарсы алды.Ник Уиллард бастаған америкалықтар көшпенділер ойындарына осымен үшінші рет қатысады, бірақ Қазақстанға алғаш келіп отыр. Команда жетекшісінің айтуынша, көңіл-күйлері керемет, уақыт белдеулерінің айырмашылығы да кедергі келтірмейтін көрінеді. Қатысушылар жарысқа тыңғылықты дайындалғандарын, тіпті қазақстандық спортшылардың қатысуымен біршама бейнероликтерді тамашалағандарын айтты. Бұл олардың шеберліктерін шыңдап, отандастарымыздың техникасын түсінуге көмектесті дейді.
НИК УИЛЛАРД, АҚШ КӨКПАР КОМАНДАСЫНЫҢ БАС КАПИТАНЫ:
Жаттығу жақсы өтті, мен және команда қатты дайындалдық, жеңіске жетеміз деген үміттеміз. Ал біз Мексикада жаттыққанбыз, ол жақта шөлді жерлер бар, Қазақстан даласына қатты ұқсайды. 5 жылқым бар, көкпарды жақсы көремін. Жылы қарсы алғандарыңызға рахмет
МАЙК САЙБО, АҚШ КӨКПАР КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Қазақстан – өте үлкен мемлекет, табиғаты әсем, шексіз даласы бар, мені кеңдік сезіндім. Әу бастан-ақ бәрімізде елдің қонақжайлылығы сезіледі, өте қуаныштымыз. Мен елді тезірек көргім келеді, біздің алдымызда ерекше және қызықты жағдайлар күтіп тұрғанын сеземін.