$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Алматыдағы жеке тұрғын үй өртенді

AstanaTV
07.09.2024ж. 13:20
216
Алматыдағы жеке тұрғын үй өртенді

ТЖМ құтқарушылары Алматыдағы өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство дерегінше, бүгін Әуезов ауданында жеке тұрғын үйде өрт болды.

 ТЖМ күштерімен өрт 120 шаршы метр алаңда сөндірілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ, - делінген мәліметте.

ТЖМ азаматтарды тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.