$478.93 €534.96 ₽5.16
×

2 градус аяз: Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

AstanaTV
08.09.2024ж. 10:09
197
2 градус аяз: Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

Қазгидрометте Алматы және тағы үш қаланың тұрғындарына ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2024 жылы 8 қыркүйекте Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Қостанай қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Синоптиктер сондай-ақ 8 қыркүйекке Қазақстан аумағы бойынша синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.

"Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ҚР аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде елдің шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Батыста, республиканың орталығында антициклон әлі де ауа райын жауын-шашынсыз сақтайды. ҚР бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте, шығыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі", - деді метеорологтар.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде 2 градус аяз сақталады.