$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Ұлттар лигасы: Бүгін екінші турдың алғашқы ойын күні өтеді

AstanaTV
08.09.2024ж. 13:26
179
Ұлттар лигасы: Бүгін екінші турдың алғашқы ойын күні өтеді

Бүгін, 8 қыркүйекте UEFA Ұлттар лигасында футболдан екінші турдың алғашқы ойын күні өтеді, деп хабарлайды KAZINFORM.

Бұл күні А лигасы бірінші тобында өнер көрсететін Португалия құрамасы өз алаңында Шотландияны қабылдайды. Ойын Астана уақытымен 23:45-те басталады.

Сондай-ақ аталған топта Хорватия мен Польша құрамалары шеберлік байқасады.

А лигасы төртінші тобындағы Дания мен Сербия кездесуі қазақстандық уақытпен 22:00-ге белгіленген. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұл топтағы Швейцария мен Испания ойыны 23:45-те басталады.

Ал С лигасы бірінші тобындағы Словакия мен Әзербайжан 22:00, Швеция мен Эстония 00:45-те ойнаса, үшінші тобындағы Люксембург пен Беларусь 19:00, Болгария мен Солтүстік Ирландия 22:00-де жасыл алаңға шығады.

Аталған ойын күнінде D тобындағы Гибралтар және Лихтенштейн құрамалары 22:00-де шеберлік байқасады.

Бірінші турдың соңғы ойын күні, 7 қыркүйекте А лигасы үшінші тобында Германия Венгрияны 5:0, Нидерланд Боснияы 5:2, В лигасы төртінші тобында Грузия Чехияны 4:1 есебімен жеңсе, Украина Албанияға 1:2 есебімен есе жіберді.

В лигасы екінші тобында Ирландия Англияға 0:2 есебімен жеңілсе, Грекия Финляндияны 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Ал С лигасы төртінші тобында Фарер аралдары мен Солтүстік Македония 1:1 есебімен тең ойнап, Армения Латвиядан 4:1 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ D лигасы екінші тобында Молдова Мальтаны 2:0 есебімен жеңді.