Ақтаудың орталық алаңында "Каравелла" субұрқағының суы бағытын өзгертіп, көшелерді су басты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, су "Ақбота" саябағының бойына жайылып, бірінші шағын ауданға жетті.
"Ал ағаштарды суаратын су жоқ!"- деп автор оқиға орнында түсірілген фотосуретке ашуланып түсініктеме берді.
"Каспий жылу, су арнасы" МКК субұрқақтың жұмысында ақау болғанын, соның салдарынан су кері бағытта қозғала бастағанын түсіндірді. Мамандар жүйені өшірді.
"Оқиғаның себептерін қызмет көрсететін ұйым анықтайды", - деп қосты коммуналдық кәсіпорын.