Танымал актер Жахан Отарғалиев Instagram парақшасында анасының кеңес беріп жатқан сәтінде түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Актердің анасы Жаханға баласы бар келіншекке үйлену керектігін айтты.
«Сен мені соңына дейін «мама, қойшы» демей тыңдап ал. Бәлен жылдан бері қиналып жүрсің, ешкімге айтқың келмейтінін, жан-жақтағы туыстарға білдіргің келмейтінін де анаң ретінде түсінемін. Сен баласы бар келіншекке үйленші. Баланың еш кінәсі жоқ. Ол өзіңнің балаңдай болып кетеді. Бала деген еш уақытта саған масыл болмайды. Бала – деген бақыт. Баланың артынан бала ілеседі. Осы туралы ойланып көр. Сен айтпағанмен мен бәрін де жүрегіммен сеземін. Себебі мен – анамын. Сондықтан осыны ойланып көрші», – деді актердің анасы.
Жахан Отарғалиев анасының ақылын орынды санайтынын жасырып қалмады.
«Анам дұрыс айтатын сияқты, сіз қалай ойлайсыз?», – деп жазды актер.