$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Татарстан басшысы көшпенділер ойындарының ашылуына қатысу үшін Астанаға келді

AstanaTV
08.09.2024ж. 18:34
178
Татарстан басшысы көшпенділер ойындарының ашылуына қатысу үшін Астанаға келді

Мемлекет басшысы Татарстан Раисы Рустам Миннихановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Астанаға келген Рустам Миннихановпен кездесті.

Қазақстан Президенті осы халықаралық маңызды шараға арнайы келген Татарстан Раисына ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы Көшпенділер ойындарына Ресей құрамасының атынан көптеген спортшы қатысатынын, оның ішінде Татарстанның өкілдері де бар екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті сауда-экономикалық ынтымақтастық жоспарлы түрде дамып келе жатқанын айтып, машина жасау және мұнай-газ химиясы салаларындағы бірлескен жобаларды уақтылы әрі сапалы іске асырудың маңызына тоқталды.