$478.93 €534.96 ₽5.16
×

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты басталды

AstanaTV
08.09.2024ж. 19:16
175
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты басталды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты «Астана Арена» стадионында өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын еліміздің «Қазақстан», «Қазспорт», «Хабар», «Ел арна», «Жібек жолы», «Silk Way», «Sport Plus» арналарымен қатар, Түркияның TRT AVAZ арнасы, Қырғызстанның 5 телеарнасы, халықаралық «Мир», «Мир 24» арналары, Ресейдің «Старт LIVE» спорт арнасы, Татарстанның «ТНВ Қазан» телеарнасы, Өзбекстан мен Түркіменстанның мемлекеттік арналары тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары Дирекциясы мәлімдеді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Көшпенділер ойындары тарихында мұндай халықаралық деңгейде ауқымды телехабар тарату бірінші рет қолға алынып отыр.