$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жүйрік ат, берен мылтық, құмай тазы: Димаш ұлттық киіммен фотолар жариялады

AstanaTV
08.09.2024ж. 20:55
369
Жүйрік ат, берен мылтық, құмай тазы: Димаш ұлттық киіммен фотолар жариялады

Желіде Димаш Құдайбергеннің ұлттық киіммен түскен фотолары жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің қазақтың жеті қазынасы саналатын – жүйрік ат, құмай тазы, бүркіт және садақ ұстаған фотоларын ҚР Президенті телерадиокешені ресми парақшасы жариялады.

«Димаш Құдайберген ұлттық ойындарға ерекше қызығады. Бос уақытында ол садақ атып, Мемлекет басшысы сыйға тартқан өзінің сүйікті Ғарышкерін ертіп, атпен серуендейді», -деп жазылған фотода.

Фотолардың бірінен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз есімді тазысын байқауға болады.