$478.93 €534.96 ₽5.16
×

КВН ойындарының жүргізушісі Александр Масляков қайтыс болды

AstanaTV
08.09.2024ж. 22:46
207
КВН ойындарының жүргізушісі Александр Масляков қайтыс болды

КВН ойындарын 60 жылдан астам жүргізген Александр Масляков қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы КВН одағының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.

"Александр Васильевич Масляковтың 2024 жылғы 8 қыркүйекте қайтыс болғанын ауыр өкінішпен хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Александр Масляков көзі тірісінде көптеген марапатқа ие болған. Отанға сіңірген еңбегі үшін орденінің иегері. AMiK шығармашылық бірлестігінің негізін қалаған. Ресейлік ойын-сауық телеарнасының дамуына үлкен үлес қосқан.

"Александр Масляков КВН қозғалысының барлық қатысушылары мен миллиондаған көрермендер үшін аңыз болды және мәңгі есте қалады. 1964 жылдан бастап ол Ресейде және шетелде әзіл мен сатира символына айналған КВН бағдарламасын жүргізді", - деп жазылды КВН ойындарының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.