$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шетел азаматы ұландықтарға алғысын білдірді

AstanaTV
09.09.2024ж. 09:21
188
Шетел азаматы ұландықтарға алғысын білдірді

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері V дүниежүзілік Көшпенділер ойынын тамашалауға келіп, баласын жоғалтып алған Түрік елінің азаматына көмектесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оқиға бүгін күні сағат 16:30 шамасында Этноауыл қалашығында орын алған. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Кіші сержант Рауан Иманбердиев пен ефрейтор Нұрдос Манас қараусыз қалған, жылап тұрған баланы байқап қалады. Олар дереу ата-анасына іздеу салады. 5573 әскери бөлімінің жауынгерлері көп ұзамай баланың әкесін табады. Балақайдың сөзі мен реакциясынан осы азаматтың оның әкесі екеніне көз жеткізген соң, қызын табыстайды», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 8-13 қыркүйек аралығында өткізіліп жатқан ауқымды іс-шарада қауіпсіздік — басты назарда. Сондықтан елордада ұландықтар күшейтілген режимде қызмет етіп жатыр. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қала тұрғындары мен қонақтарының тыныштығын сақтау үшін шамамен 6000 мың күш құрылымдары жұмылдырылған.