$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оңтүстік Қазақстан облысында «Таблиғи жамағат» ұйымының 7 мүшесіне үкім кесілді

AstanaTV
04.04.2017ж. 20:00
2936
Оңтүстік Қазақстан облысында «Таблиғи жамағат» ұйымының 7 мүшесіне үкім кесілді

Оңтүстік Қазақстан облысында заңмен тиым салынған «Таблиғи жамағат» діни экстремистік ағымын насихаттап келген топ мүшелері сотталды. Жат ағымның жетегінде кеткен жеті адамның барлығы - осы өңірдің тумасы. Олардың бесеуі Сайрам ауданында туған. Алды 54 жаста болса, ең жасы отыз төртте. Барлығы отбасылы. Еш жерде жұмыс істемейді.

Істі қараған судья Салтанат Қабылованың дерегіне сүйенсек, олардың барлығы елде тиым салынғанына қарамастан, Үндістан, Пәкістан, Бангладеш және Қырғызстан елдерінде арнайы курстарға қатысып, "таблиғи жамағат" діни миссионерлік ұйымының қыр-сырын үйреніп, діни білімдерін жетілдіріп отырған. Сонымен қоймай, ел аумағында бірқатар облыстарды аралап, тіпті өздері тұратын аумақтарда жамағатты ұйытып келіпті. Сайрам ауданындық сотында қаралған қылмыстық іске нүкте қойған судья екі белсендісіне 4 жылдан үкім кесті. Олар жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын өтейтін болса, қалған бесеуі 1 жылдан қоныс колониясына жабылатын болды.

Салтанат Қабылова, Сайрам аудандық сотының судьясы:

Екі сотталғандар біреуі өзінің үйінде аудандардан келеді, басқа облыстардан келген жамағатты күтіп, өздерінің үйлерінде, өздері айтқандай, «имандасу, сұқбаттасу жүргізіп, Пайғамбар жолында» деп көрсетіп отыр. Бірақ олардың сот сараптама қорытындысымен олардың іс-әрекеттері діни миссионерлік ұйымына жататыны көрсетілген, тұжырым жасалған.