$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни алауыздық тудырғандар азаматтықтан айрылмайды - Зәуреш Баймолдина

AstanaTV
04.04.2017ж. 20:00
4050
Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни алауыздық тудырғандар азаматтықтан айрылмайды - Зәуреш Баймолдина

Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни алауыздық тудырғандар азаматтықтан айрылмайды. Конституциялық реформа негізінде өзгеріп жатқан заңнамаларға мұндай нормалар енгізілген жоқ. Бұл туралы әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина мәлімдеді.

Ал, Қылмыстық кодекстің бас-аяғы 20-дан астам бабы бойынша азаматтықтан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Ата заңға енгізілген өзгертулерге қолданыстағы бірқатар заңдар мен құқықтық актілерді сәйкестендіру жұмысы жалғасып жатыр.

Бүгін Әділет министрінің басшылығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында құжат кезекті рет талқыланды. Өзгеріске түсіп жатқан заңнамада "мемлекет мүддесіне ауыр зардабын" тигізгендер азаматтығынан айырылу жазасына кесіледі делінген. Оларға басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, жаппай қырып-жою қаруын өндiру, геноцид, қарулы қақтығысқа қатысу, қарулы бүлiк, лаңкестік топ құру мен мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинап тарату мен жария етушілер жатады. Әділет вице-министрінің сөзінше, бұл жаза қылмыскерге қолданылатын негізгі жазаға қосымша болып табылады. Және ондай адамдарға Қазақстан азаматтығы жоқ деген құжат беріледі. 

Зәуреш Баймолдина, ҚР Әділет вице-министрі:

Азаматтығы жоқ болғандықтан, кей құқықтарынан айрылады, мысалы, дауыс беру құқығынан, әскерге барудан, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуден және әлеуметтік жеңілдіктерден қағылады.