$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Аударыспақтан ұлттық құрама финалға шықты

AstanaTV
09.09.2024ж. 15:08
145
Аударыспақтан ұлттық құрама финалға шықты

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында этноауыл аумағында аударыспақтан жарыс басталып, нәтижесінде Қазақстан құрамасының барлық қатысушылары финалға өтті.

Астана қаласында ипподром маңындағы этноауылда өтетін аударыспақтан Көшпенділер ойындарына 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей.

Қазақстан намысын Ермек Құралбай, Алмат Ләтіпбек, Дарын Өткелбай, Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев қорғайды.

Бұған дейін Қазақстан көкпаршылары Өзбекстан құрамасын қабылдап, сенімді жеңіске жеткен болатын.