Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ақтөбеде сұйылтылған газды шетелге астыртын өткізіп келген ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді

AstanaTV
04.04.2017ж. 20:00
2357
Ақтөбеде сұйылтылған газды шетелге астыртын өткізіп келген ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді

Көп асқанға, бір тосқан! Ақтөбе облысында сұйылтылған газды шетелге астыртын өткізумен айналысып келген ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Бұл туралы Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Артур Хайруддинов айтты. Алайда, оның мөлшері мен қылмысқа қанша адамның қатысы бары тергеу амалдарына байланысты жарияланбай отыр.

Артур Хайруддинов, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:

«Ақтөбе облысы аумағында әлеуметтік газ тасымалдау мекемелеріне қатысты аса ірі көлемдегі экономикалық контрабанда және де заңсыз тасымалдау, сату қылмыстық әрекеттерімен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді. Жедел іздестіру, қамау, қылмысқа қатысы бар тұлғалар ұсталды. Яғни әлеуметтік газ тасымалдау дегеніміз, яғни Ақтөбе облысы аумағында тіркелген «Gold Stepp» және «АзГАЗЛогист» ЖШС.

Естеріңізге салай кетейік, Үкімет басшысы өңірдегі газ тапшылығының себебін анықтау үшін тексеру жүргізу қажеттігін айтқан болатын. Содан кейін ғана құзырлы органдар бірлесіп жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізді. Естеріңізде болса, бір апта бұрын ақтөбеліктер газ тапшылығын сезініп, бекеттерде ұзын-сонар кезектер пайда болған еді. Бұл мәселе Үкіметтің отырысында қозғалып, содан кейін аймаққа қосымша 570 тонна газ бөлінді.