Өнертапқыш Илон Масктың анасы, диетолог, модель Мей Маск 17 қазанда Алматыда өтетін Ортаазиялық «BeWoman» атты әйелдер форумында сөз сөйлейді, деп хабарлайды, Azattyq Rýhy.
Белсенді әйел денсаулық, тамақтану, қартаю, гендерлік теңдік туралы айтып, баланы жалғыз тәрбиелеудің қандай екенін айтып бермек.
Сонымен бірге, форумға Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен 2700-ден астам адам қатысады.