$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

09.09.2024ж. 20:00
312
Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Жиында армияны заманауи қарумен, әскери техникамен, соның ішінде отандық қорғаныс кешені кәсіпорындары шығарған өнімдермен жарақтандыру бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға еліміздің әскери ұйымын жетілдіру бағытында бірқатар нақты тапсырма берді.