$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астаналық сот экс-күйеуі үйлену тойына сыйға тартқан әшекей бұйымдарын алып кеткісі келген әйелді жақтады

AstanaTV
10.09.2024ж. 08:21
182
Астаналық сот экс-күйеуі үйлену тойына сыйға тартқан әшекей бұйымдарын алып кеткісі келген әйелді жақтады

Астана тұрғыны туыстары сыйға тартқан ақша мен зергерлік бұйымдарды әйелінің жымқырғанын айтып, шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астана сотының мәліметінше, ер адам той кезінде достары мен туыстары әйеліне 5 миллион теңге, гауһар тасты әшекей бұйымдары мен құны 1 миллион теңге тұратын неке жүзігін тарту еткенін айтып, мүлікті бөлу туралы арыз түсірген.

"Бұрынғы әйелін 18 рет пышақтап, өлтірген": Алматыда сотта марқұмның ағасы айыпталушыдан 50 миллион теңге өтемақы талап етті

"Денесінен пышақ алынбай қойған": Алматыда ер адам әйелін 10 рет пышақтап, бес миллион теңгесін ұрлап, жертөлеге тастап кетті деп айыпталды

Дегенмен әйелі бұл талапты мойындамады. Іс материалдарын зерделеп, тараптардың уәждерін тыңдаған сот ер адамның мәлімдеген талаптарын қанағаттандырудан бас тартты.

"Істі қарау барысында, сотталушының 5 миллион теңгені сыйға алу фактісі дәлелденбеді. Сондай-ақ зергерлік бұйымдардың келінге бұрын берілгені анықталды. Бұл ақша қалыңдықтың жеке меншігі, сондықтан оны бөлуге болмайды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ сот "Неке және отбасы” туралы Кодекстің 35-бабына (Ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкiн олардың бiрлескен ортақ мүлкi деп тану) сәйкес ерлі-зайыптылардың әрқайсысының жеке мүлкі саналатынын ескертті: