$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Көшпенділер әлемі" атты этноауылға 200 қолөнерші келді

09.09.2024ж. 20:00
361
"Көшпенділер әлемі" атты этноауылға 200 қолөнерші келді

"Көшпенділер әлемі". Осындай атаумен ашылған этноауылдың жұмыс істеп тұрғанына бүгін үшінші күн. Ат шаптырым аумақта Шығыс базары ұйымдастырылған. Онда екі жүзден астам қолөнерші кәдесыйларын саудалауда. 

ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Қала сыртындағы қазақ этно ауылы қазір келушілерді жылы қарсы алуда. Атмосфера ерекше. Өнерпаздарымыз ашық аспан астын ән мен жырға бөлеуде. Көріп тұрғандарыңыздай ат шаптырым жерге әр аймақтың киіз үйлері тігілген. Көрінісіне қарасаң тіпті көз тоймайды

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Күшті ұнап жатыр, өте ризамыз. Бәріңе сәттілік тілейміз.
- Мен көшпенділер ойынына бірінші рет қатысып жатырмын. Қазақстанға да бірінші келуім. Мәдениет пен әр түрлі киімдерді көріп таңғалып, тамаша болып отырмын.
- Мен Қытайдан келдім. Шара керемет өтіп жатыр. Көңіл-күйіміз керемет. Қазақстан маған ұнайды.

Этноауылда халық музыкасына арналған шатыр, ашық аспан астындағы көшпелі өркениеттер мұражайы, спорттық іс-шаралар, ұлттық тағамдар, басты сахна, аймақтардың этникалық қоныстары, қолөнершілері және Шығыс базары бар. Басты алаңға Тайқазан орнатылған.

АБЫЛАЙ ҚОНДЫБАЕВ, V ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ДИРЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тайқазанның негізгі мақсаты бұл көшпенділер ойындарының қасиетті элементі су болып табылады. Олимпиада да от болса. Судың көшпенділердің өмірімен тікелей байланысты болуына арнайы таңдалған болатын.

Этноауылдарға кіру және бару тегін. 13 қыркүйекке дейін жұмыс істейді.