$495.95 €524.37 ₽4.98
×

Ақтөбеде абайсызда танысын өлтіріп алған жігіт сотталды

09.09.2024ж. 20:00
285
Ақтөбеде абайсызда танысын өлтіріп алған жігіт сотталды

Ақтөбені дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты бүгін сот үкімі шықты. Танысын абайсызда өлтіріп алған 20 жастағы жігіт 1 жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Қайғылы оқиға биыл қаңтар айында болған. Жастар төбелесіп, екі адам қаза тапты. Бұл іс сотта екі бөлек қаралды. Бір жігіттің өліміне қатысты «кісі өлтіру», «бұзақылық» бабымен алты адамның үстінен іс қозғалды. Ол әлі қаралып жатыр. Ал сол төбелесте өзі жараланып тұрып, жерде жатқан пышақты алып, қорғану мақсатында сермеп танысын абайсызда өлтіріп алған жігітке қатысты сот үкімі шықты. 

АЙЖАМАЛ СҮНДЕТ, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Ақтөбе қаласы №2 соты үкімімен азамат «Ғ» абайсызда қазаға ұшыратқаны үшін яғни ҚР ҚК 104 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылды. Сот бір жыл алты ай мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жәбірленушілер пайдасына 6 млн теңге моральдық зиян өңдірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.