$495.95 €524.37 ₽4.98
×

Шымкентте балабақша тәрбиеленушісін ұрған тәрбиешіге қатысты тергеу жүріп жатыр

Шымкентте балабақша тәрбиеленушісін ұрған тәрбиешіге қатысты тергеу жүріп жатыр

Шымкентте балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді аяғынан сүйреп, басынан ұрып-соққан. Әлеуметтік желіде тараған бұл жағдай қаладағы жекеменшік мекемелердің бірінде болған. Видеода қолына белгісіз зат ұстаған тәрбиеші ұйқыға жатқан балалардың төсегіне келіп, біреуін әдейілеп сүйреп түсірген. Басынан бірер ұрып, артынша аяғынан сүйреп бөлменің ортасына алып барғаны анық көрінеді. Осы сәтте араша болғысы келді ме, көмекке жанындағы жатқан тағы бір бүлдіршін келеді, бірақ оны да "апайы" қағып жібереді. Бұл деректі қалалық білім басқармасы растады. 

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Оқиға туралы ақпарат белгілі болғаннан кейін тәрбиеші жұмыстан шығарылды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиға оқу-ағарту министрлігінің, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында.