$495.95 €524.37 ₽4.98
×

Қостанай облысындағы қабырғасы опырылған мектептің балалары қашықтан оқуға көшті

09.09.2024ж. 20:00
230
Қостанай облысындағы қабырғасы опырылған мектептің балалары қашықтан оқуға көшті

Қостанай облысында елу жыл күрделі жөндеу көрмеген мектептің қабырғасы опырылып түсті. Ол кезде ғимарат ішінде ешкім болмаған. Оқушы да, мұғалім де дін аман. Әулиекөл ауданына қарасты Новонежин ауылындағы білім ошағын күрделі жөндеу биыл маусым айында басталған. Алайда құрылыс компаниясы жұмысты межелі мерзімінде аяқтамаған .Білім басқармасы «ПКФ Гренада» серіктестік атына наразылық нотасын жолдап,мердігерді сотқа беру үшін материал дайындап жатқанын хабарлады.Ал мектеп оқушылары онлайн сабаққа ауысты. 

ГҮЛМИРА ҚАЛҚАЕВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

9 қыркүйектен балалар онлайн режимге кетті.Балалардың барлығы компьютермен, роутерлермен жабдықталған.Бүгіннен бастап оқып жатыр.

Оқыс апаттың себебін арнайы комиссия анықтауға кірісті.Техникалық тексеру жүргізіліп жатыр.Кінәлі адамдар жауапқа тартылады, деп мәлімдеді облыстық білім басқармасының басшылары.Төтенше жағдай жарияланып, мектеп уақытша жабылды.Білім ордасын қалыпқа келтіру жұмыстарының қашан жалғасатыны белгісіз.