Атом Электр Станциясын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өңірлердегі кездесуді бастады. Штаб мүшелері алдымен Түркістан облысына барды. Ондағы жиынға 300-ден астам адам қатысты. Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Штаб мүшелері АЭС салудың маңызы туралы азаматтармен ашық әңгімелесу және осы жобаны жүзеге асыруға байланысты жаңа перспективалар туралы айту үшін өңірге келгенін мәлімдеді. Мәжіліс Төрағасы түркістандықтар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі прогрессивті бастамалары мен саясатын әрдайым қолдап келе жатқанын жеткізді.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Мемлекет болашағына қатысты кез-келген маңызды шешім халықтың қатысуымен, қоғамның пікірін ескере отырып қабылданады. Бұл Президентіміздің бұлжымас ұстанымы. Бұл қоғамда жаңа саяси мәдениеттің қалыптасып келе жатқанының бір көрінісі. Күнделікті өмірде тіршілікте байқай бермейтін шығармыз бірақ біз әр қадамымызды анық басып жоспарларымызды кезең кезеңмен іске асырып келе жатырмыз. Түпкі мақсат осы реформаларды әр отбасы, әр азамат сезінуі керек.