$480.61 €534.53 ₽5.28
×

«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы Тобыл өңірінде 357 тонна қоқыс шығарылды

09.09.2024ж. 20:00
276
«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы Тобыл өңірінде 357 тонна қоқыс шығарылды

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны қарқынды жүргізіліп жатыр.Осы уақытқа дейін 104 учаскінің аумағы тазартылып, 357 тонна қоқыс шығарылды. Экобастамаға аймақтың үш мыңнан астам тұрғыны атсалысты. Ал «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалы қызметкерлері апта сайын «Таза бейсенбі» акциясына мұрындық болып келеді. Бұл жолы жалпыұлттық науқанға гуманитарлық колледж студенттері белсене қатысты. Жастар қалалық жағажайдың аумағын тазартты. Тазалық акциясы – қоқыс жинаумен ғана шектелмейді.Экологиялық мәдениетті, қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға тәрбиелелеуге жетелеу керек , дейді партия өкілдері.

ЖАНАР КҮЙШІНОВА, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Апта сайын партияластарымызды жұмылдырып,әр бейсенбі «Таза бейсенбі» деген акциямыз бар.Соны қолдап.Осы акция аясында жұмысты ұйымдастырамыз.Бүгінгі таңда біздермен бірге студенттер қатысып отыр.