$494.87 €520.65 ₽4.91
×

10 мың шақырым жол жөнделуі тиіс

09.09.2024ж. 20:00
378
10 мың шақырым жол жөнделуі тиіс

«Көлік-логистика секторын дамыту керек». Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында осылай деді. Президент кемінде 10 мың шақырым облысаралық және ауданаралық жолдарды орта жөндеуден өткізуді тапсырды. Оның құрылыс жұмыстарын жеделдету үшін бірыңғай цифрлық платформа іске асуы керек. Ол қалай жұмыс істейді? Аружан Задабек сала мамандарынан сұрады. 

АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Қайырлы кеш, көрермен! Эфирде «Сарапшы пікірі» айдары. Жолдың жырын жырлап жүргендер экранға жақын отырыңыздар. Өйткені бүгін біздің студиямызда қонақта Көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева. Ләззат ханым, қош келдіңіз! Әңгімемізді бастамастан бұрын экранға назар аударсақ.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Кейінгі салғандардың сапасы енді көңілге қонымдырақ. Ал бұрыңғылары енді 5 жыл бұрын, 3 жыл бұрын салғандарын әлі жамап келе жатыр ғой. Өзіңіз бұрылып түсіре салсаңыз жарылғанның бәрі көрініп тұр.
 -Көңіл толмайды. Өйткені істеп жатса 2-3 айдан кейін қайттан істеп жатады. Не бір жылдан кейін. Бұл бәлең жылға арналатын нәрсе ғой. Сол сапасыз.
- Мысалы мен бір жерге барамын да, бір кісін апатып тастау үшін 50 км жерге барып қайтып келу үішн грейдер дейді ғой, сомен барамын. Мен келемін да сол ақшаға қайтып запчасть аламын.

АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Иә, жол мәселесіне келгенде халықтың айтары көп, назы осы. Өзіңіз де тыңдадыңыз, тұрғындардың басым бөлігі сапасыз салынған жолдан мезі болғандарын айтып, түйіткілдің тезірек тарқаған қалайды. Өзіңіз көлік айдайсыз ба? ------- Проблеманың бары рас қой. Қазір сол мәселе қалай шешіліп жатыр?

ЛӘЗЗАТ СТАМҒАЗИЕВА, ҚР КӨЛІК МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ

Мемлекет басшысы биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр деді. Қазақстанда мұндай ауқымды жұмыс бұрын-соңды болмаған. Бұл қай жолдар? Қашанға дейін аяқталады?

ЛӘЗЗАТ СТАМҒАЗИЕВА, ҚР КӨЛІК МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Жұмыстың басталғаны жақсы, әрине. Осы тұста тағы бір назар аударатын мәселе бар. Мемлекет басшысы сапаға мән беріңдер деп шегеледі. Ол үшін инновациялық заманауи әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданған абзал дейді. Нақтырақ айтсақ бірыңғай цифрлық платформаны іске қосуды тапсырды. Ол қалай жұмыс істейді?

ЛӘЗЗАТ СТАМҒАЗИЕВА, ҚР КӨЛІК МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Уақыт бөліп, студиямызға келгеніңіз үшін рақмет! Жұмысыңызға сәттілік!